
Атырау облысында телефон алаяқтарының белсенділігі артты. Олар тұрғындарға «Атырау Энергосбыт» АҚ қызметкерлері болып танысып қоңырау шалуда.
Электр есептегіштерін тексереміз деп, SMS хабарламалар жіберіп, код нөмірін жолдауды өтінеді. Код нөмірін біліп алғасын банк қосымшасындағы бар ақшаңды босатып алуға көшеді. Тұрғындардың айтуынша, бүгінде бірнеше адамға телефон соққан. Бір әйелдің "Халық банкіндегі" 30 мың теңгесін алып үлгерген. Осыдан кейін ғана әйел банк есепшотын бұғаттап үлгерген.
Полиция кезекті алаяқтық құрбанына айналмас үшін SMS-тегі келген кодтарды немесе қосымшалардың мәліметтерін ешкімге жібермеуді ескертеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +2