
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов нысандарды аралау барысында апатты деп танылған С. Мұқанов атындағы 10-шы орта мектеп ғимаратын сүру жұмыстарымен танысты.
Жұмысшылар ескі ғимаратты бұзуға 15 тамызда кірісті. Бұған 30 маман және 10 техника тартылған. Жұмыстар қыркүйектің ортасына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Сүрілген нысанның орнына 300 орындық заманауи жаңа мектеп салынбақ. Оны келесі жылғы қыркүйекте пайдалануға беру жоспарланып отыр.
В Атырау 0