Атырау, 6 желтоқсан 01:46
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырау оқушылары республикалық білім сайыстарында үздік шықты

482 рет қаралды

Атырауда өткен «Дарынды оқушы – ертеңгі елдің шамшырағы» шарасында 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша 15 дарынды оқушы, 11 талантты ұстаз және үздік 10 мектеп марапатталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, республикалық пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар байқаулары мен «Зерде» конкурсына қатысқан 95 оқушы Атырау облысы Білім беру басқармасы атынан Алғыс хатқа ие болды.

Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директорының орынбасары Жанар Сәрсенғалиева атап өткендей, орталық дарынды балаларды қолдау бағытында жұмыс істейді және биыл оның құрылғанына 5 жыл толып отыр. Тамыз кеңесіне орай республикалық және халықаралық кезеңдерде ІІ–ІІІ орын алған оқушылар, үздік мұғалімдер мен білім беру ұйымдары марапатталмақ.

Орталық мамандарының мәліметіне қарағанда, соңғы бес жылда Атырау облысынан 300-ден астам оқушы республикалық деңгейде жүлделі орынға ие болып, 50-ге жуық оқушы халықаралық білім сайыстарында жүлдегер атанған.

25 тамыз, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.