Атырау, 5 желтоқсан 08:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Польша президенті украин босқындарына көмек заңына вето қойды

427 рет қаралды
Сурет: Kuba Stezycki / Reuters

Польша президенті Кароль Навроцкий Парламент қабылдаған, Украинадан 2022 жылғы ақпаннан кейін келген жұмыс істемейтін азаматтарға әлеуметтік төлемдер мен тегін медициналық көмек көрсетуді көздейтін заң жобасына вето қойғанын хабарлады. Бұл туралы Коммерсантъ жазды.

Заң жобасы бойынша әр балаға ай сайын 800 злотый (шамамен 200 доллардан астам) төленетін «800+» көмегі қарастырылған. Сондай-ақ басқа жеңілдіктер де көзделген. Бұл шара уақытша сипатта болып, әр жарты жыл сайын қайта қаралуы тиіс. Бірақ Польша президенті бұл бастаманы өзгерту қажет деп санайды.

«Үш жарым жыл бұрын ұсынылған заң бүгін қайта қаралуы тиіс. 800+ төлемін тек жұмысқа шығуға міндеттеме алған босқындарға беру керек», — деді Навроцкий журналистерге.

Сонымен қатар, медициналық қамтамасыз ету де осы принцип бойынша болады. Президенттің айтуынша, Денсаулық сақтау қорына жарна төлемейтін украин азаматтары поляк азаматтарына қарағанда артықшылыққа ие болып тұр. Сондықтан Навроцкий бұл заңға қол қоймағанын айтты және балама заң жобасын ұсынған.

БҰҰ мәліметі бойынша, 2025 жылғы сәуірде Еуропадағы украин босқындарының саны 6,3 миллион адамға жеткен, оның ішінде Польшада шамамен миллион адам тұрады.

25 тамыз, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.