Атырау, 6 желтоқсан 01:46
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау облысында «Сағыздың жігіттері» тағы да жаппай төбелескен

Бейнежазба
583 рет қаралды

Әлеуметтік желіде түнде түсірілген видео тарады. Онда ондаған жас жігіттің төбелесіп жатқан сәті көрінеді, кадр сыртынан айқай-шулар мен куәгерлердің сөйлегені естіледі. Куәгерлердің айтуынша, теміржолмен бөлінген ауылдың екі жағындағы «Сағыздың жігіттері» төбелесіп жатыр.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, төбелеске сегіз жасөспірім қатысқан. Олар бөлімшеге жеткізіліп, ата-аналарының қатысуымен түсініктеме берген. Ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған. Полиция зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін, кезекші бөлімге ешқандай қоңырау түспегенін хабарлады.

Сағыз ауылында мұндай жаппай төбелестер жиі болып тұрады. Оларды ауыл арасындағы ескі кикілжіңнің жалғасы, «бұрынғы кекті қайтару» деп қабылдайды. Бұған дейін де мұндай қақтығыстар қайғылы оқиғамен аяқталған еді, қазір де осы жағдай қайталанып жатқандай.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған видео

25 тамыз, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.