Атырау, 6 желтоқсан 01:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда 100 мектепте SOS батырмасы мен «Сергек» қосылды

429 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр

Атырауда мектептің көбі күшейтілген қауіпсіздік режиміне көшіп жатыр. Енді 100 оқу орнында полицияның жедел басқаруымен тікелей байланыстыратын SOS дабыл түймесі орнатылған.

Егер оқушылар төтенше жағдайға тап болса, түймені басып, бірден полиция департаментінің жедел басқару орталығына шыға алады. Бірден оқиға орнына  ювеналдық полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, жақын маңдағы жол-патрульдік полиция қызметкері жіберіліп, түйменің не себепті басылғанын анықтайды. 

Сондай-ақ қала аумағындағы 2750-ге жуық «Сергек» бейнебақылау камерасының 100-і мектептерге орнатылған. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта SOS дабыл нүктелерінің санын көбейтуді жоспарлап отыр.

25 тамыз, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.