
Telegram мессенджерінің құрылтайшысы Павел Дуров Францияда қамауға алынғанын «полицияның қателігі» деп атады. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналында жазды.
«Бұл мәселенің ирониясы сол, мені француз полициясының өз қателігі үшін қамауға алды: 2024 жылдың тамызына дейін олар француз және ЕО заңдарын елемей, Telegram-ға өз сұраныстарын қажетті заңды тәртіппен жолдамады», — деп жазды Дуров.
Оның айтуынша, бір жыл өткен соң тергеу оның және Telegram-дың кінәсін анықтай алмаған. «Біздің модерация практикамыз салалық стандарттарға сәйкес келеді, және Telegram Франциядан келген барлық заңды сұрауларға әрдайым жауап беріп отырды», — деді ол.
Дуров қамауға алынғанының жалғыз нәтижесі — «Францияның еркін мемлекет ретінде беделіне зиян тигендігі» екенін айтты.
Сонымен қатар, ол бір жылдан кейін де әр 14 күн сайын Францияға баруға мәжбүр екенін, ал аппеляция күнінің әлі белгіленбегенін атап өтті.
Еске сала кетсек, Дуров 24 тамыз 2024 жылы Париждегі Ле-Бурже әуежайында бірнеше айып бойынша қамауға алынған. Олардың ішінде заңсыз транзакциялар жасау мақсатында желілік платформаны басқаруға қатысу да бар.
В Атырау +4