
QazaqGaz Қашағанда жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін зауыт құрылысының барысы туралы хабарлады.
Құрылыс алаңында қазір 1900-ден астам адам жұмыс істеп, шамамен 370 техника жұмылдырылған. Соңғы апталарда мына жұмыстар атқарылды:
- сыйымдылығы 8 мың және 2 мың м³ болатын резервуарларға гидросынақ жүргізілді;
- 18 км-ден астам жер асты құбырлары салынды;
- 52 мың м³ бетон құйылды (жоспардың 69%-ы);
- 4 мың тоннадан астам жабдық пен металл құрылғылар орнатылды.
Вахталық қалашықта жатақхана мен әкімшілік кешеннің шатырын жабу және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып келеді.
Компанияның мәлімдеуінше, құрылыс белгіленген кестеге сай жүріп жатыр, ал қауіпсіздік пен сапаға басты назар аударылған.
В Атырау +4