
Қала көшелерінің бірінде астына қағаз төсеніп ұйықтап жатқан 14 жастағы жасөспірімнің жағдайы қоғамды дүр сілкіндірді. Оның суреті әлеуметтік желіде тарағаннан кейін мамандар ол баланы бақылауына алған болатын.
Мамандар баланың психоэмоционалдық жағдайына қатысты қорытынды шығарды.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айжан Сарсембаеваның айтуынша, жасөспірімнің жауабы бір-біріне қайшы келеді. "Әңгімелескен кезде ол шатасып, айтқан сөздерін өзгертеді. Мысалы, өзін «Мерей» базарында жұмыс істедім, көліктерді бөлшектеп, 150-ден астам магнитофон жинадым» деп айтқан. Бірақ нақтылап сұрағанда оның сөздері расталмады", – деді ол.
Жасөспірім ұйқысыздық мазалап, қорқынышты түс көретінін айтқанымен, педагогтар басқа жайтты байқаған: ол еркін әңгімеге бейім және сабырлы көрінеді. Дегенмен, Сарсембаева атап өткендей, оның ішкі күйзелісі сезіліп тұр.
Жағдайды одан әрі күрделендіріп тұрғаны – отбасы мәселесі. Жасөспірім әкесіне ренжиді, тіпті анасын ауруға шалдықтырған әкесі деп санайды. Белгілі болғандай, әйел денсаулығына байланысты жүре алмайды, ал отбасына туыстары мен таныстары қолдау көрсетіп отыр.
Өткен жылдың көктемінде комиссия анасын ата-ана құқығынан айыруды ұсынған, алайда сот бұл ұсынысты қабылдамады. Еске сала кетсек, жасөспірімнің қағаз төсеніп ұйықтап жатқан суреті жарияланғаннан кейін ол қайтадан бейімдеу орталығына жіберілді, ал оның үш жасар қарындасы балалар үйіне орналастырылды.
Анастасия Шерстянкина
В Атырау 0