Атырау, 29 қазан 13:34
 дождьВ Атырау +10.2
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Аққыстауда көшеішілік автобустар жүре бастады

1 094 рет қаралды

Исатай ауданы Аққыстау ауылы жылдан-жылға халқы саны жағынан өсіп келеді. Аудан орталығында үйлер де көбейді, сондай-ақ 4 орта мектеп, 2 спорттық кешен, орталық саз мектебі, мәдениет үйінде бірнеше үйірмелер, бірнеше балабақшалар бар. Аудан үлкейген сайын көлік қатынасы мұқтаждығы туындап тұрған еді.

20 тамыздан бастап "БатысТехИнвест"  ЖШС-і жолаушыларға қолайлы қатынас туғызу үшін қоғамдық көлікті ұйымдастырды. Таңертеңгі 07.00-ден шығатын автобустар кешкі 20.00-ге дейін үш бағытта тестілік режимде жүреді.

Билеттің құны- 60 теңге. ҰОС ардагерлері және оған теңестірілгендер, өзге мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер, 1- 2-ші , алтын және күміс алқа иегерлері, оқу жасындағы мектеп балалары тегін жүре алады. Ал 50 пайыз жеңілдікке: зейнеткерлер, 4 және одан да көп баласы бар аналар, 3-ші топтағы мүгедектер,  7-14 жас аралығындағы балалар бар. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

23 тамыз 2025, 01:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.