Атырау, 5 желтоқсан 08:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Шри-Ланканың экс-президенті тұтқындалды

357 рет қаралды

Шри-Ланканың бұрынғы президенті Ранил Викремесингхе мемлекет қаражатын жеке мақсатта пайдаланды деген айыппен тұтқындалды, деп хабарлайды Report.

Полиция мәліметінше, Викремесингхе 2023 жылғы қыркүйекте Лондонға жасаған жеке сапары бойынша сұраққа жауап бергеннен кейін ұсталған. Ол сапар кезінде мемлекет басшысы болған. Полиция өкілі оның Форт-Коломбо аудандық сотына жеткізілетінін және мемлекет қаражатын жеке мақсатта пайдаланды деген айып тағылғанын айтты.

Шри-Ланка полициясының Қылмыстық тергеу департаменті Викремесингхенің жеке сапар үшін мемлекет қаражатын жұмсағанын және оның күзетшілерінің де мемлекеттен жалақы алғанын мәлімдеді.

Ранил Викремесингхе Шри-Ланка президенті лауазымында 2022 жылғы 20 шілдеден 2024 жылғы 23 қыркүйекке дейін қызмет атқарған. 2024 жылғы сайлаудан кейін оның орнына Анура Кумаре Диссанаяке келген.

22 тамыз, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.