
Украина Президенті Владимир Зеленский журналистерге орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесін беру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды УНИАН.
«Бізде бір ғана мемлекеттік тіл бар – украин тілі. Орыстар не айтқысы келсе, соны айта алады», – деді ол.
Бұған дейін Reuters агенттігіне сілтеме жасап, Ресейдің Украинамен бейбіт келісімге қол жеткізу үшін қойған талаптарының бірі – орыс тіліне ресми мәртебе беру және Ресей православ шіркеуінің қызметіне еркіндік жасау екені хабарланған.
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украина парламентінің негізгі заңға өзгеріс енгізу ұсынысына жауап беріп, Киевке Конституциядағы орыс тілін қорғауға қатысты баптарды еске салған.
В Атырау +4