
Нигерияда жыл басынан бері қарқынды жауын-шашын мен сел салдарынан 228 адам қаза тапты, деп хабарлайды АА.
Ұлттық төтенше жағдайлар агенттігінің (NEMA) хабарлауынша, қатты жаңбыр 25 штатқа әсер етіп, ірі селдерге себеп болды.
Сел салдарынан 228 адам қаза тауып, 495 адам жарақат алды, ал 114 адам хабар-ошарсыз жоғалған деп тіркелген. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіргенде 71 400 адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды, ал жалпы 209 666 адам түрлі зардаптарға ұшыраған.
Сонымен қатар, 21 257 тұрғын үй зақымданып немесе толықтай бұзылған, ал елдің 76 ауданында 23 481 жер учаскесіне зиян келген.
В Атырау +4