Атырау, 6 желтоқсан 01:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Махамбет ауданында 12 су тазарту қондырғысы жаңартылды

421 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барып, Ақтоғай ауылындағы су тазарту қондырғысының жаңартылған жұмысын көрді.

Жаңа ғимаратқа заманауи тазарту құрылғылары мен сорғылар, бейнебақылау камералары және жарық жүйесі орнатылған. Қондырғының қуаты – сағатына 24 текше метр, ал қазан көлемі – 300 м³.

2024–2025 жылдары осындай жұмыстар Жалғансай, Талдыкөл, Таңдай, Ескі Сарайшық, Сарайшық, Ақжайық, Алға, Бейбарыс, Есбол, Сарытоғай және Ортақшыл ауылдарында да жүргізілген. Барлық нысандарда ғимараттар мен жабдықтар жаңартылып, сорғы станциялары ауыстырылған, қазандықтар, жылыту, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылған.

Су тазарту қондырғыларын жаңарту Махамбет ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір ауданда жалпы 15 су тазарту қондырғысы жұмыс істейді.

22 тамыз, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.