Атырау, 5 желтоқсан 08:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Әлиев: Әзірбайжан бейбітшілік қалайды, бірақ соғысқа дайын болуы керек

418 рет қаралды
© РИА Новости 

Әзірбайжан кез келген сәтте соғысқа дайын болу керек, себебі ертең не болатынын алдын ала болжау мүмкін емес, деп мәлімдеді ел президенті Ильхам Әлиев. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Біз соғысты қаламаймыз. Біз бейбітшілікті қалаймыз. Бірақ кез келген сәтте соғысқа дайын болуымыз қажет», – деді ол.

Әлиевтің айтуынша, әлемдік процестерді алдын ала болжау мүмкін емес, сондықтан әзірбайжандықтар өз қауіпсіздігін өздері қамтамасыз етіп, сақтық шараларын сақтауы керек. Бакуде «қатер көздерін» анықтап, әскери қуатты арттыру үстінде.

Президент сонымен қатар, Әзірбайжанға заманауи дрондар (БПЛА) және жаңа артиллериялық жүйелер жеткізілгенін, жаңа соғыс ұшақтары бойынша келісімшарттар жасалғанын, бар ұшақтардың модернизациядан өткенін айтты.

22 тамыз, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.