
Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто «Дружба» мұнай құбырына Украинаның шабуылы Венгрияны соғысқа тартуға бағытталған әрекет деп бағалады, деп хабарлайды ТАСС.
Министрдің хабарлауынша, түнде Ресей–Беларусь шекарасындағы мұнай құбырына тағы бір шабуыл жасалған, бұл қысқа мерзім ішінде үшінші рет орын алып отыр. Соның салдарынан Венгрияға мұнай жеткізілу қайта тоқтатылды.
Сийярто бұл әрекетті елдің энергетикалық қауіпсіздігіне шабуыл және Венгрияны соғысқа тартуға бағытталған әрекет деп сипаттап, «Бұл сәтсіздікке ұшырайды. Біз бейбіт шараларды қолдап, ұлттық мүддемізді қорғай беретін боламыз» деді.
Апта басында Украина дрондар арқылы «Дружба» инфрақұрылымына шабуыл жасап, оны Ресей мамандары жөндеуге мәжбүр болды. Сол кезде Венгрияға мұнай жеткізілу екі күнге тоқтатылған болатын.
Венгрия Украина әрекетін «қабылдауға болмайтын және қорқынышты» деп бағалап, электр энергиясын экспорттауды тоқтатуға дейін баруы мүмкін екенін мәлімдеді.
В Атырау +4