Атырау, 5 желтоқсан 08:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Колумбияда дрон полиция тікұшағына соғылды: 12 адам қаза тауып, 5 адам жараланды

308 рет қаралды

Колумбияда ұшқышсыз аппарат (БПЛА) шабуылынан ішінде 17 құқық қорғау органы қызметкері болған полиция тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды АА.

Оқиға Антиокия департаментінің Амалфи муниципалитеті ауылдық аймағында орын алды.

Басқару органдарының алдын ала мәліметтері бойынша, апат салдарынан 12 полицей қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алды. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Антиокия губернаторы Андрес Хулиан Рендонның хабарлауынша, құлаған полиция тікұшағы кока өсімдіктерін қолмен жоюмен айналысып жүрген қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған. Шабуыл дрон арқылы жасалған.

Басқару органдары шабуыл үшін жауапкершілікті бұрынғы «Колумбияның революциялық қарулы күштері» (FARC) тобына байланысты Estado Mayor Central (EMC) ұйымының 36-шы фронтына артты.

Қауіпсіздік күштері аймақта операцияны жалғастырып, оқиғаның мән-жайын анықтау және кінәлілерді ұстау жұмыстарын жүргізуде.

22 тамыз, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.