Атырау, 5 желтоқсан 08:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Чилидің оңтүстігінде 7,5 магнитудалы жер сілкінісі болды

312 рет қаралды

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Дрейк бұғазында, Чили Антарктика территориясына жақын жерде орналасқан.

Аргентина және Чили қалаларының тұрғындары сезген жер асты дүмпулерінің ошағы шамамен 10,8 км тереңдікте болған.

Чили флотының гидрография және океанография қызметі (SHOA) цунами қаупін жариялады.

SHOA жағалау аймақтарындағы тұрғындарды дереу эвакуациялауға шақырды. Бұл тастардан тұратын жағалаулар, батпақтар, өзен ағыстары, жағалау жолдары, жаяу жүргіншілер аймақтары, мариналар, балық аулау порттары және пирстерді қамтиды.

22 тамыз, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.