Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ҚазМұнайГаз және CNPC Қазақстандағы отын нарығының 85%-ын бақылауда ұстап отыр

403 рет қаралды
Сурет: gov.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2022–2024 жылдарға арналған бензин, дизель және авиациялық отынның көтерме сауда саласындағы бәсекелестік ортаны талдауды аяқтады.

Ведомство мәліметі бойынша, ҚазМұнайГаз және CNPC компаниялары Қазақстандағы жеңіл мұнай өнімдерінің шамамен 96%-ын өндіреді. Олардың нарықтағы бірлескен үлесі 85%-дан асады, бұл оларға нарыққа айтарлықтай ықпал етуге мүмкіндік береді.

Негізгі сегменттердегі үлесі:

  • Дизель отыны: CNPC — 60%, ҚазМұнайГаз — 33%.
  • АИ-92 және АИ-95 бензині: CNPC — 54%, ҚазМұнайГаз — 34%.
  • Авиациялық отын: CNPC — 53%, ҚазМұнайГаз — 32,4%.

Екі топ та нарықтағы негізгі қуаттарды иеленуші ретінде танылған. Бұл оларға басқа нарық қатысушыларына тең дәрежеде қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін жүктейді.

22 тамыз, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.