Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Сәбидің сынық және бас-ми жарақаты: Атыраудағы балабақша заңсыз жұмыс істеген

350 рет қаралды

«Аңсар» балабақшасы Ұлттық білім беру деректер базасында (ҰБДБ) тіркелмеген. Шілде айының соңында бұл балабақшада бес жасар қыз бас-ми жарақатын алып, миы шайқалып, екі қолы сынған болатын. Яғни, бұл балабақшаның білім беру ұйымы мәртебесі жоқ, алайда іс жүзінде осындай қызмет көрсеткен.

«Ақ Жайық» сауалына Атырау қалалық білім бөлімі ҰБДБ-ға – Қазақстандағы барлық білім беру ұйымдарын, оның ішінде жеке балабақшаларды да қамтитын бірыңғай электрондық тізілімге тіркелмеуі мекеме ресми статистикаға кірмейтінін, жоспарлы тексерулерден өтпейтінін және мемлекеттік бақылаудан тыс жұмыс істейтінін білдіреді деп хабарлады.

Еске салсақ, 28 шілдеде жеке «Аңсар» балабақшасында қыз бала зардап шеккен еді. Анасының айтуынша, тәрбиеші бала «сүрініп, баспалдақтан құлады» деп мәлімдеген. Алайда ата-анасы камера жазбаларын талап еткен кезде бақылау жүйесінің жұмыс істемейтіні: камералар өшіріулі, монитордың істен шыққаны белгілі болды.

Оқиғалаң соң полиция ҚР ҚК-нің 141-бабының 2-бөлігі («Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау») бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Аңсарға» қатысты жағдай мектепке дейінгі білім беру қызметі нарығында тіркелмеген, іс жүзінде заңсыз жұмыс істейтін балабақшалар бар екенін көрсетіп отыр.

Ал прокуратура мәліметі бойынша, тек 2023–2025 жылдар аралығында Атырау облысындағы жеке балабақшаларда 30 бала зардап шеккен: 2023 жылы 12 оқиға тіркелсе, 2024 жылы — 11, ал 2025 жылдың осы кезеңінде — 8 жағдай тіркелген.

Тергеу жүріп жатқанымен, жұртшылықтың көкейінде негізгі сұрақ қалып отыр: Атырауда тіркелмеген балабақшалар қалай еш кедергісіз жұмыс істей алады және балалар қауіпсіздігі үшін жауапкершілік кімге жүктеледі?

Бұл жағдай мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жылдар бойы жасырылып келген осал тұстарын анықтап, әдемі маңдайшалардың артында толық бақылау болмауы мүмкін екенін көрсетті.

Атыраудың кішкентай азаматтарының «көрінбейтін» балабақшалар аймағына қалай түсіп жатқаны туралы толық ақпаратты мына жерден оқуға болады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА 

21 тамыз, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.