Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Алматыда тағы бір судьяның оғаш қимылы видеоға түсіп қалды

369 рет қаралды

Алматы қалалық сотының судьясы Бақытжан Бәкірбаев сот процесі кезінде жасаған ерекше қимылы үшін сынға ілікті. Ол төрт саусағын қиыстырып, әдетте "абақты" белгісі ретінде қабылданатын ишара көрсеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бәкірбаевтың бұл ишараны көрсеткен сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Соттың баспасөз қызметі бұл әрекетті 2024 жылы өткен резонанстық қылмыстық іс бойынша процесте түсірілгенін мәлімдеді. Ресми түсініктемеге сәйкес, судья қимылды тәртіпті сақтау мақсатында жасаған.

Алайда оның әрекетіне қатысты шағымдар түсіп, нәтижесінде сот әдеп комиссиясы Бәкірбаевқа қоғамдық сөгіс жариялаған.

Бұған дейін де Шымкентте өткен сот процесінде төрағалық еткен судья тілін шығарып, журналистке оғаш ишара көрсеткен жағдай жұртшылық назарын аудартқан болатын.

20 тамыз, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.