
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот процесінде ерекше жағдай болды. Сотты жүргізіп отырған судья Әбинұр Қарабаев залда отырған журналистке күтпеген жерден тілін көрсеткен.
Бұл сәттің видеосын тілші Ботагөз Омарова телеграм-каналында жариялады. Ол мұндайды өз тәжірибесінде бірінші рет кездестіріп отырғанын жазады.
Журналист бірнеше нұсқа айтты: судьяның әрекеті астаналық журналистің келгенін күтпегені шығар немесе интернеттегі трендтерге әзіл ретінде еліктеген болуы мүмкін. Сондай-ақ, тибет мәдениетінде тіл шығару — сәлемдесу немесе "қарсысындағы адамның қауіпті еместігін көрсету" ретінде қабылданатынын еске салды.
Алайда Қазақстанда судьяның әрекеті қоғамдық талқыға түсті. Кейбіреулер бұл қылықты орынсыз деп санады, ал басқалары — жай әзіл деп қабылдады.
Соттың баспасөз қызметі оқиға бойынша қызметтік тексеріс тағайындалғанын хабарлады. Егер судьяның әрекеті әдеп нормалары нбұзу деп танылса, іс материалдары Жоғарғы сот кеңесінің Сот алқасына жіберіледі.
В Атырау 0