Атырау, 10 ақпан 01:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

​Эстония оппозициясы мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді ұсынды

851 рет қаралды
© РИА Новости / Владимир Федоренко

15 тамыз күні Эстонияның оппозициялық партиялары елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости ERR телерадиокомпаниясына сілтеме жасап. Бұл бастаманың негізгі қозғаушысы – «Isamaa» («Отан») партиясының жетекшісі.

Конституцияға сәйкес, Эстонияда мерзімінен бұрын сайлау өткізу мүмкіндігі бар, алайда мұндай тәжірибе бұған дейін қолданылмаған.

ERR-дің Norstat әлеуметтік зерттеу қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, 2025 жылғы 31 шілде мен 1 тамыз аралығында жүргізілген сауалнама нәтижесінде Эстония азаматтарының 58%-ы мерзімінен бұрын сайлау өткізуді қолдайтынын білдірген.

Айта кету керек, келесі жоспарлы парламент сайлауы 2027 жылға белгіленген.

15 тамыз 2025, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.