
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы айрықша жетістіктері үшін мемлекеттік қызметкерлер мен педагогтарды марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Марапатталғандардың қатарында Атырау облысының мұғалімі де бар, оған «Шапағат» медалі берілді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді:
-
Байсаринова Раушан Алтыбайқызы – Өскемен қаласы, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия интернаты, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
-
Дәуітова Светлана Қадырқызы – Алматы қаласы №59 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
-
Испанова Ләззат Сарқытбайқызы – Жетісу облысы Қаратал ауданы орта мектебінің директоры
-
Құдайбергенова Айсұлу Сайлауханқызы – Алматы қаласы №176 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі
-
Аблемова Шолпан Бақытқызы – Петропавл қаласы №4 орта мектеп, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Құрмет» орденімен марапатталғандар:
-
Әбішева Шолпан Шәріпбайқызы – Алматы қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебі, химия-биология пәні мұғалімі
-
Әбуева Раушан Бәкірқызы – Жамбыл облысы, Сарыкемер мектеп-гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
-
Даурықбаева Шұға Амангелдіқызы – Қарағанды қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебі, химия-биология пәні мұғалімі
-
Гүл Муаммер – Нұр-Сұлтан, Алматы еуразиялық халықаралық мектебі мұғалімі
-
Жайырбаева Рысжан Сағдолдақызы – Астана қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебі, физика-математика пәні мұғалімі
-
Қолдашева Оксана Владимировна – Павлодар қаласы, №8 мектеп-лицей, химия пәні мұғалімі
-
Имашпаева Гүлжайна Ашанқызы – Өскемен қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебі, химия-биология пәні мұғалімі
-
Рақымова Гүлнәр Мизинбайқызы – Астана қаласы, №6 гимназия директорының орынбасары
-
Степанова Елена Александровна – Алматы қаласы, архитектура, дизайн және инженерия колледжі, өндірістік оқыту шебері
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
-
Айтілеуов Нұртас Әбдуаитұлы – Түркістан облысы, №4 жалпы білім беретін мектеп, математика пәні мұғалімі
-
Әбенова Ләззат Өтегенқызы – Қызылорда облысы, №3 мектеп-лицей, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
-
Құрмашев Абзал Назымбекұлы – Ақмола облысы, Білім-инновация лицей-интернаты, тарих пәні мұғалімі
-
Әлмішева Ләззат Шайзақызы – Жезқазған қаласы, №3 жалпы білім беретін мектеп, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
-
Король Алла Васильевна – Астана қаласы, қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі, өндірістік оқыту шебері
-
Нәжіметова Зухра Тайырқызы – Шымкент қаласы, №34 орта мектеп, химия-биология пәндері мұғалімі
-
Рақымова Эльмира Ерсәлімқызы – Қостанай қаласы, №1 мектеп-лицей мұғалімі
-
Сәбитов Аян Баянбекұлы – Ақтөбе облысы, Білім-инновация лицей-интернаты, дарынды жасөспірімдерге арналған мектеп мұғалімі
«Шапағат» медалімен марапатталғандар:
-
Нұрмағанбетов Ербол Зермұханбетұлы – Алматы қаласы, Білім-инновация лицей-интернаты, биология пәні мұғалімі
-
Әбішева Рысгүл Төкенқызы – Абай облысы, Аягөз ауданы, №10 қазақ мектеп-гимназиясы мұғалімі
-
Бахдәулетұлы Ибраһим – Атырау облысы, Білім-инновация лицей-интернаты, химия пәні мұғалімі.
В Атырау 0