
Үндістан СІМ баспасөз хатшысы Рандхир Джайсвалдың айтуынша, екі ел соңғы уақытта шекарадағы шиеленіс пен сауда мәселелерін талқылап келеді, деп хабарлайды АА.
2020 жылы даулы шекарада болған қақтығыстан кейін шекаралық сауда тоқтап қалған еді.
Джайсвалдың мәлімдеуінше, бес жылдық үзілістен кейін Үндістан мен Қытай шекарадағы үш сауда нүктесін қайта ашу мәселесі бойынша байланыста.
18 тамызда Қытай СІМ министрі Ван И ресми сапармен Үндістанға келеді, ол осы мәселелерді талқылайды.
2020 жылғы шекара қақтығысынан кейін екі тарап өткен жылы келісімге келген. 2024 жылғы 22 қазанда Ладакх аймағында өзара патрульдер ұйымдастыру бойынша келісім жасалған, бұл екі ел арасындағы уақытша бақылау сызығы саналады.
Сонымен қатар, осы жылы екі ел арасындағы тікелей авиарейстерді қайта бастау туралы келісімге қол жеткізілді.
В Атырау +4