
Облыс әкімі Серік Шәпкенов Атырау қаласындағы жол жөндеу жұмыстарын аралап, олардың барысымен танысты. Қазіргі таңда «Атырау–Астрахан» тас жолының қала аумағындағы 11,4 шақырым бөлігі қайта жаңартылуда. Жұмыс екі учаскеге бөлінген:
-
«Квадрат» булану алаңы – Сарыөзек көпірі (5 км) Келер аптада «Квадрат» булану алаңы маңындағы, ұзындығы 89 метр болатын қала кіреберісіндегі көпірді бұзу басталады. Бұл кезеңде көлік қозғалысы теміржол өткелі арқылы ұйымдастырылады. Бүгінде 2 шақырымға жолдың негізгі қабаты төселген, ал қыркүйекте осы аумаққа асфальт салу жоспарлануда. Жұмыс аяқталған соң, бұл 2 шақырым уақытша қозғалысқа ашылады.
-
Сарыөзек көпірі – И.Тайманов көшесіндегі айналма жол (6,4 км) Қыркүйек айында мердігер компания 5 шақырым жолдың бір бөлігін көліктер үшін ашуды көздеп отыр. Бұл учаскедегі жаңарту жұмыстары жыл соңына дейін 70%-ға орындалады деп жоспарланған.
Жоба бойынша тас жолдың ені 15 метрге дейін кеңейтіліп, төрт жолақты болады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолы мен жарықтандыру орнату қарастырылған. Жол жабындысының жалпы қалыңдығы – 80 см. Толық аяқталу мерзімі – 2026 жыл.
Серік Шәпкенов мердігерлерге жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.
В Атырау +3