Атырау, 6 желтоқсан 07:41
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда және ел бойынша Activ пен Beeline байланысында ақау болды

311 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

12 тамызда атыраулықтар Activ және Beeline операторларының жұмысына байланысты жаппай ақауларға шағымданды. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға сүйенсек, байланыс мәселелері Қазақстанның өзге өңірлерінде де байқалды.

Ақау шамамен түскі уақытта басталды: мобильді интернет бірде қосылып, бірде жоғалып отырды, қоңырау шалу да қиын болды. Байланыс пен интернеттің болмауын тек жеке пайдаланушылар ғана емес, бизнес те сезінді — жұмыс уақытында көпшілік байланыссыз және интернетсіз қалып, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

— Интернет бірнеше минут сайын өшіп тұрды, кейбір мессенджерлер мүлде жұмыс істемеді. Тіпті қарапайым қоңырауларда да қиындықтар болды, — деді «Авангард» ықшамауданының тұрғыны.

Операторлардың колл-орталықтары әзірге ақаулардың себебін атаған жоқ. Бейресми деректер бойынша, техникалық жұмыстар немесе байланыс желісіндегі апат себеп болуы мүмкін.

Кешке қарай желі жұмысы қалпына келе бастады, бірақ интернет жылдамдығы әлі де тұрақсыз.

Айгүл МАНСУРОВА

13 тамыз, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.