Атырау, 6 желтоқсан 07:41
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Облыстық ауруханада жөндеу жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталады

Бейнежазба
311 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр

Атырауда облыстық аурухананы күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Оны мердігер «КазЕвроСтрой» ЖШС жүргізіп жатыр.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов медициналық мекемені жабдықтау және абаттандыру мәселелерін пысықтай түсуді тапсырды.

– Биыл облыстық аурухананы күрделі жөндеуге қомақты қаражат бөлінді, сондықтан жаңарту жұмыстарын сапалы аяқтау керек. Керекті кабинеттер, заманауи жабдықтар және абаттандыру толық қарастырылып, науқастар басқа медициналық мекемелерге  жүгінбей, бір жерден кешенді ем алуы тиіс, – деді аймақ басшысы.

Атырау облыстық ауруханасының 1967, 1998 және 2002 жылдары салынған үш корпустан тұратын ғимаратында бұрын соңды мұндай ауқымды жаңғырту жүргізілмеген. Жаңарту жұмыстары 2024 жылдың аяғында басталды.


13 тамыз, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.