Атырау, 6 желтоқсан 07:44
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

392 рет қаралды

Атырау облысында білім беру нысандарын салу және жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өңір басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өткен кеңесте 2025–2026 оқу жылына дайындық мәселелері қаралды.

Қазіргі таңда 9 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр: 5 мектепті 1 қыркүйекке дейін, 3 мектепті жыл соңына дейін, ал бір мектепті 2026 жылы толық аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, 3 жаңа «Келешек мектебі» ашылып, 298 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Облыстағы 25 мектеп модернизацияланып, оларға химия, физика, биология, робототехника, STEM секілді 130 жаңа модификациялық кабинет сатып алынды. Құрылыс барысында 13 200 орындық 20 жаңа мектеп салынуда, оның 15-і биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

364 білім беру мекемесі қауіпсіздік жүйелерімен — бейнебақылау, турникеттер, лицензияланған күзет және дабыл түймелерімен толық қамтамасыз етілген.

Серік Шәпкенов реновация мен құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтап, мектептердің жаңа оқу жылына дайын болуын қатаң қадағалауды тапсырды.

12 тамыз, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.