Атырау, 29 қазан 17:36
 дождьВ Атырау +17.5
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Атырау облысында 120 грамм марихуанамен ер адам ұсталды

Бейнежазба
939 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz

22 шілде күні Мақат аудандық полиция бөлімінің және Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Доссор кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінен есірткі қолданды деген күдікпен 52 жастағы ер адамды ұстады.

Күдіктінің пәтерін тінту барысында ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік салынған 3 орама табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде заттардың жалпы салмағы 120 грамм марихуана екені анықталды.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


12 тамыз 2025, 18:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.