Атырау, 6 желтоқсан 07:44
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атыраудағы ДСК құрылысы Дубайдағы Бурдж-Халифаны салу уақытынан да баяу жүруде

476 рет қаралды

Әлеуметтік желіде атыраулықтар: "Дубайда алты жылда Бурдж-Халифа тұрғызылса, біздің жағалаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін әлі аяқтай алмай жатыр" деп әзілдеп жатыр.

Айта кетейік, бұл алып ғимарат емес — жобада үш спорт зал бар.

Облыстық құрылыс басқармасының хабарлауынша, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2018 жылы басталған. Бірақ 2020 жылы жұмыс тоқтап қалған. Себебі мердігер компания келісім шартты орындамағандықтан, іс сотқа жіберілген. Сот ісі бес жылға жуық созылды, ал заң бойынша сот шешімі шықпайынша құрылысқа салуға рұқсат берілмейді.

Сот процесі аяқталған соң нысан жаңа мердігерге — «Vek-Stroy-Com» ЖШС-не тапсырылды. Жобалық-сметалық құжаттар қайта қаралып, құрылыс материалдарының бағасы өскендіктен смета өзгерді.

Биыл сәуірде құрылыс қайта жалғасты. Қазір кешеннің шамамен 40%-ы дайын: қасбет монтаждалып, ішкі бөлмелер әктеліп, терезелер орнатылуда.

Кешенді 2026 жылдың сәуір айында тапсыру жоспарланып отыр. Құрылысшылар бұл жолы мерзімге сай жұмыс істейміз деп сендіріп отыр. Дегенмен, қала тұрғындары құрылыстың қарқынын әлемдік рекордтармен салыстыруды жалғастыруда. 

Айгүл МАНСУРОВА

12 тамыз, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.