
Жаһандық жылынудың нәтижесінде мұздықтар еріп, 1959 жылы Антарктидада жоғалып кеткен британдық зерттеуші Деннис "Динь" Беллдің мәйіті табылды. Ол кезде Белл Фолкленд аралдарына байланысты аймақтарды зерттеу жобасында жұмыс істеп жүрген, деп хабарлайды Фокус.
25 жасар радиотелеграфист Белл зерттеу барысында мұздағы жарыққа құлап кетіп, оның денесі 66 жыл бойы табылмай келді. Мәйітті поляк ғалымдарының тобы тапты. Жанында радио жабдығы, фонарь, сағат, пышақ сияқты 200-ге жуық зат сақталған.
Деннистің денесі алдымен Фолкленд аралдарына, кейін Ұлыбританияға жеткізілді. ДНҚ сараптамасы оның туыстарының үлгілерімен сәйкестігін дәлелдеді. Бауыры Дэвид: «Бұрын-соңды болмаған жағдай, 66 жылдан кейін бауырымыз табылды. Бұл бізге үлкен қолдау болды», – деді.

1959 жылы Белл мен әріптестері Кинг-Джордж аралындағы британдық базада жұмыс істеген. Белл мұздықтан өтіп бара жатып, 30 метрлік жарыққа құлаған. Досы оны құтқаруға тырысқанымен, арқан үзіліп, Белл қайта құлап қайтыс болған.
Британдық Антарктида қызметінің басшысы профессор Джейн Фрэнсис: «Беллдің мәйітінің табылуы – зерттеудің ерлік пен қиындықтармен байланысты екенін көрсетеді», – деді.
Бұл оқиға ғылыми зерттеулердің қиындықтарын тағы бір дәлелдеді. Ұқсас жағдай 1924 жылы Эверест шыңына шыққан британдық зерттеуші Эндрю Ирвиннің мәйітін табу кезінде де болған еді.
В Атырау +4