Атырау, 8 қазан 23:32
 дождьВ Атырау +17.6
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Жастарға мүмкіндік: Атырауда 35 жасқа дейінгі ізденушілерге 200 бос жұмыс орны ашылды

654 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Халықаралық жастар күні қарсаңында Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, іс-шара 18 бен 35 жас аралығындағы жастарға кәсіби тәжірибе жинақтап, тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік берді. 30-ға жуық өндірістік кәсіпорын, қызмет көрсету компаниялары мен мемлекеттік органдар 200-дей бос жұмыс орнын ұсынды.

Жәрмеңкеге Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады:

«Жастар – ел болашағы. Мемлекетіміз оларға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі жәрмеңке — соның нақты көрінісі. Бұл іс-шара жастардың еңбек нарығына бейімделуіне, өз саласын табуына мүмкіндік береді. Баршаңызға сәттілік тілеймін», — деді ол.

Айта кетейік, жәрмеңке аясында жұмысқа орналастырылған жастардың тізімі алдағы бір апта ішінде сараланып, жарияланатын болады.

12 тамыз 2025, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.