
АҚШ президенті Дональд Трамптың ресейлік әріптесі Владимир Путинмен жоспарланған кездесуіне байланысты Аляскада орналасқан Анкоридж қаласының үстіндегі әуе кеңістігі 15 тамызда жабылады, деп хабарлайды report.az.
Бұл туралы АҚШ-тың Азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) хабарлады.
"Америкалық билік штаттың ең үлкен қаласының үстіндегі әуе кеңістігін 30 миль (48,3 шақырым) радиуста және 18 мың футқа (шамамен 5,5 мың метр) дейінгі биіктікте жабады", - делінген хабарламада.
Шектеу бір күнге созылады.
12 тамыз, 11:35
В Атырау +4