Атырау, 6 желтоқсан 08:26
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда жалған мемлекеттік нөмірді қолданған жүргізуші анықталды

Бейнежазба
434 рет қаралды

Атырау полициясы Lexus автокөлігінің иесін анықтады. Ол мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін әдейі өзгертіп, айыппұлдардың басқа автокөлік иесіне келуін көздеген.

Жалған нөмір туралы шағым «Белсенді азаматтар – Активные граждане» Telegram-чаты арқылы түсті. Тексеру кезінде ер адамның бірнеше рет жол ережесін бұзғаны анықталды, ал автоматтандырылған камералар бұзушылықтарды жалған нөмірге тіркеген.

Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірлерін өзгерту — заң бойынша ауыр құқық бұзушылық екенін және жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.


11 тамыз, 21:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.