Атырау, 5 желтоқсан 08:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қазақстан мен Әзірбайжан «Баку–Супса» мұнай құбырының жұмысын қайта жандандыруды талқылауда

295 рет қаралды

Қазақстан 2022 жылғы наурыздан бері тоқтап тұрған «Баку–Супса» мұнай құбырының жұмысын қайта бастау мүмкіндігін қарастыруда.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенжинов Әзірбайжан БАҚ-на берген сұхбатында Астана SOCAR компаниясымен бұл маршруттың жұмысын қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Бұл маршрут Қазақстан мұнайын Батысқа жеткізудің жаңа арнасы бола алады.

Қазіргі таңда негізгі экспорт Каспий құбыр консорциумы арқылы Новороссийск қаласына жіберіледі. Алайда «Баку–Супса» құбыры іске қосылса, транзит жеңілдейді: мұнай бөлек құбырмен Грузияның Супса портына жеткізіледі, бұл жерде оны Әзірбайжанның «Azeri Light» мұнымен араластырудың қажеті жоқ. Себебі бұл екі мұнайдың сапасы әр түрлі — Қазақстан мұнайы ауыр және күкірт мөлшері жоғары.

Құбырдың жылдық өткізу қабілеті 7 миллион тоннадан асады, сондықтан тиімді жұмыс істеу үшін Қазақстан мұнайын үлкен көлемде сатып алатын жаңа келісімшарттар қажет болады.

Ақкенжиновтың сөзінше, Батыс бағытындағы әлеует зор, және қазақстандық мұнайшылар әзірбайжандық әріптестерімен үнемі байланыста.

Айта кетейік, Қазақстан мұнайын «Баку–Супса» құбыры арқылы тасымалдау туралы келіссөздер 2022 жылдан бері жүргізілуде.

11 тамыз, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.