Атырау, 6 желтоқсан 10:14
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Айыпталушының мәлімдемесі: «Берденов Сыздықбековті қаралауды талап етті»​

520 рет қаралды
Сурет: ҚазТАГ

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған кісі өлтіруге оқталу ісі бойынша айыпталушы, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС бұрынғы директоры Ернар Жиембай сотта Берденовтің оны қала басшысы Ғабит Сыздықбековті айыптап, тапсырыс беруші деп айтуға мәжбүрлегенін айтты, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Берденов мен сотта мені киллер ретінде жалдаған адам – әкім Сыздықбеков деп айтсам, оны кешіретінін айтты», – деді Жиембай сотта сәрсенбі күні.

Айта кетейік, Берденовке қастандық21 сәуір күні кешке жасалға. Әкім орынбасары оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала деректер бойынша, оқты әкімдіктегі ЖШС қызметкері атқан. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталған. 12 мамырда Берденов ауруханадан шығуға дайындалып жатқаны хабарланған. 25 маусымда тергеу аяқталғаны туралы мәлімет түскен.

26 маусымда Берденов Respublica партиясындағы вице-президенттік қызметінен кетті.

22 шілдеде қастандық жасауға оқталу туралы қылмыстық іс сотқа тапсырылды.

28 шілдеде сотта алдын ала тыңдаулар басталды.

6 тамызда сот отырысында Жиембай өзінің қылмысқа оқталу себебі ретінде қызғанышты атады.

6 тамыз, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.