Атырау, 6 желтоқсан 10:13
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Берденовке оқ атқан экс-директор қызғанышын мойындады: «Әйелім оны үлгі етті»

326 рет қаралды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша айыпталып жатқан «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Ернар Жиенбай сотта қызғаныш басты себеп болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Әйелім Берденовтің туыстарымен араласатын. Оны маған үнемі мысал ететін. «Бұлшық еттері мықты, киімі қымбат» деп айтып отыратын. Жұмыста да қысым көріп жүрдім, жиі қорландым. Ақыры әйелім ажырасуға арыз берді. Ал Берденов оған лайк басып, түрлі мақтаулар жазатын», – деді ол сот отырысында.

Жиенбайдың бұл мәлімдемесі қастандыққа «тұрмыстық сипаттағы жанжал» себеп болды деген алдын ала болжамды растап отыр.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Руслан Берденовке оқ атылып, ол ауруханаға түскен. Күдікті ретінде әкімдікке қарасты кәсіпорын қызметкері ұсталды. Бұл іс бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа өтті. Ал шілде айының соңында сот тыңдауы басталған.

6 тамыз, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.