Атырау, 6 желтоқсан 10:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мақат тұрғындары велосипедпен бір күн ішінде 1200 тоннаға дейін қоқыс жинады

485 рет қаралды

Мақат ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы шеңберінде ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамның қоршаған ортаны қорғауға деген назарын арттыру.

Акция аясында ауданында «Велосипед күні» өтті. Осы күні мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері автокөліктерін қалдырып, жұмыс орындарына велосипедпен барды. Бұл қозғалыс түрі ауаға зиянды шығарындыларды азайтуға және халықтың белсенділігін арттыруға бағытталған.

Акцияға белсенді қатысқандардың бірі – Аманшиевтар отбасы. Отбасының басшысы Абзал Аманшиев өз сөзінде: «Велоспортпен он жылдан астам айналысудамыз. Бұрын достарымызбен велосаяхаттарға шығатынбыз, енді бұл дәстүрді отбасымен жалғасудамыз. Велосипедпен жүру экологияға ғана емес, денсаулыққа да пайдалы әрі қауіпсіз. Сондықтан «Велосипед күніне» белсенді қатысып, өз үлесімізді қосып жатырмыз. Басқа тұрғындарды да осындай бастамаларға қатысуға шақырамын», – деді.

Аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкиннің айтуынша, әр мекемеге тазалау аумақтары бөлініп, ауданда үш мыңға жуық адамға сенбілік ұйымдастырылды. «Іс-шара кезінде 1200 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Әр екі апта сайын тұрақты сенбіліктер өткізіліп, әрбірде екі тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналады. Биыл аудан бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзден астам экологиялық іс-шара өткізілді», – деді Бекәділ Жайкин.

Мамандардың пікірінше, аудандағы барлық мереке, акция немесе байқаулар «Таза Қазақстан» ұранымен өтеді. Мұндай бастамалар тұрғындардың табиғатқа жауапкершілігін арттырып, келешек ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыруға мүмкіндік береді.

2 тамыз, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.