Атырау, 6 желтоқсан 10:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды

505 рет қаралды

Атырау қаласында жаңа оқу жылы алдында әлеуметтік жағынан қолдау қажет ететін балаларға көмектесу мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы іске қосылды.

Бұл бастама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және жергілікті билік органдарының қатысуымен жүзеге асырылуда. Әлеуметтік маңызды шара туралы Атырау қалалық Білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

Әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылатын акция әр баланың сапалы білім алу құқығын қолдау үшін жыл сайын өтеді, – деді ол.

Айнагүл Дүйсекенованың мәлімдеуінше, өткен жылы акция аясында қаланың 3500-ден астам оқушысы қолдау алған, ал биыл бұл санның артуы күтілуде.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік жағдайы нашар оқушыларға материалдық және қаржылай көмек көрсету шаралары жалғасып отыр.

Өткен жылы 9615 балаға жалпы сомасы 417,3 миллион теңгеге жуық қаржылай көмек көрсетілген. Әр баланың қаржылай қолдау мөлшері жергілікті бюджеттен 43 407 теңгені құрады.

Атырау қалалық Білім бөлімінің басшысы ата-аналар мен қамқоршылар балалардың оқу орындарындағы әлеуметтік педагогтардан әлеуметтік көмек туралы толық ақпарат ала алатынын атап өтті.

2 тамыз, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.