
Атырауда 4 тамызда әйелдер колониясы маңындағы Қорқыт ата және Керей Исмағұлов көшелері уақытша жабылады.
«Атырау жылу жүйелері» ЖШС хабарламасына сай ол жерде жылу желілерінің магистралды тұрба құбырының жерасты өткелін ауыстыру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары атқарылады.
Жөндеу жұмыстарына байланысты жол 4 тамыз сағат 9.00-ден бастап 8 тамыз сағат 20.00-ге дейін жабылады.
"Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз" - делінген мекеме таратқан хабарламада.
В Атырау +3