
Атырау қаласында көлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережесін бұзу деректері жиілеп кетуіне байланысты Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар өткізеді.
Іс-шара барысында Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында Nexia автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылып, тексеру кезінде 28 жастағы азаматтан алкоголь иісі сезілген. Медициналық сараптама нәтижесінде оның жеңіл дәрежеде мас күйде көлік басқарғаны анықталды. Құқықбұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.
Сондай-ақ, Құрсай ауылының тұсында маркасы Lada автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылып, тексеру кезінде жүргізуші куәлігінен соттың шешімімен айырылғаны анықталды. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көліктер айып тұрағына қойылды.
Осы ретте, полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларына мас күйде көлік басқару — тек өз өміріңізге емес, айналаңыздағы адамдардың өміріне де қауіп төндіретін ауыр құқықбұзушылық екенін ескертеді.
В Атырау +3