Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қазақстан өзін-өзі бензинмен толық ​қамтамасыз етіп отыр — министр

455 рет қаралды

Қазақстан Ресей енгізген бензин экспортына қатысты жаңа шектеулердің әсеріне ұшырамайды. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Аккенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Ресей тарапы Аи-92 және Аи-95 маркалы бензин экспортына шектеу енгізуді үшінші жыл қатарынан жалғастырып келеді. Алайда бұл шектеулер Қазақстан секілді екіжақты индикативтік баланстар аясында үкіметаралық келісімдерге қол қойған елдерге қолданылмайды.

— Қазақстан осы келісімдерге сәйкес, 285 мың тонна ресейлік бензин импорттауға құқылы. Дегенмен қазіргі таңда еліміз бензинмен толықтай өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр, — деді Ерлан Аккенженов.

Министрдің мәлімдеуінше, ішкі нарықта жағдай тұрақты. Тіпті Қазақстан тарихында алғаш рет 70 мың тоннадан астам бензин экспортталған.

— Бұл – отандық өндірістің жеткілікті деңгейде екенін және ел ішінде де, сыртқы нарықта да бензин тапшылығы жоқ екенін білдіреді, — деп қосты ол.

Сондай-ақ, министр заңсыз жолмен жанармай өнімдерін шекарадан тыс шығару әрекеттерінің алдын алу үшін бақылау шаралары күшейтілетінін айтты.

1 тамыз, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.