Атырау, 6 желтоқсан 10:54
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Хлор және бактериялар: Атыраудағы Palma​ аквапаркінің су сынамасынан не табылды

586 рет қаралды

Атыраудағы Palma аквапаркіндегі жаппай улану оқиғасынан кейін санитарлық қызмет «Ақ Жайыққа» тексеру мәліметтерін жариялады. Ал олардың пайымдауынша, қайғылы оқиға уақыт еншісінде еді.

СЭҚД жауабына сүйенсек, балалар бассейнінде бос хлор деңгейі литріне 0,37 миллиграмм болған, бұл белгіленген 0,1–0,3 мг/л нормасынан асып кеткен. Ересектер бассейнінде бұл көрсеткіш — 0,72 мг/л. Хлоридтер бойынша да шектен тыс асып кеткені анықталған: рұқсат етілген 350 мг/л орнына 903 мг/л дейін жеткен. Балалар бассейніндегі судың қышқылдығы — 4,1, ал қалыпты норма — 6-дан 9-ға дейін. Жалпы қаттылық — 10, бұл да рұқсат етілген 7-ден жоғары. Бұл тек ауытқу емес, су сапасына қойылатын талаптардың тікелей бұзылуы.

Микробиологиялық жағдай да мәз емес. Бассейндер мен су ағатын танкерлерден алынған алты сынамадан жалпы микробтар, колиформды және термотөзімді таяқшалар (нәжістік ластануды білдіретін ішек таяқшасы тобының бактериялары) табылған. Бір жағдайда көк ірің таяқшасы анықталған.

Санитарлық дәрігерлердің мәлімдеуінше, аквапарктың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болмаған. Сонымен қатар, су тазартуға «Кристалпул MINUS» және «Эмовекс» препараттары қолданылғанымен, олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттар әкімшілікте табылмады.

Белгілі болғандай, Palma аквапаркындағы төтенше жағдайдан кейін қаладағы тағы 20 бассейн тексерілді. Барлығы 164 сынама алынған, оның ішінде 76-сы химиялық көрсеткіштер бойынша, 19-ы бактериологиялық көрсеткіштер бойынша шектен тыс ауытқуларды көрсеткен. Яғни, санитарлық нормалардың бұзылуы — сирек кездесетін жағдай емес, қайта қалыпты құбылысқа айналған.

Қазіргі уақытта Palma аквапаркінің қызметі тоқтатылған. Мекеме басшысы үйқамаққа алынған.

Еске салайық, 13 шілдеде шомылғаннан кейін 15-тен астам адам зардап шекті, оның ішінде 13-і — балалар. Үшеуі жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда балалар ауруханадан шықты.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

1 тамыз, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.