Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Доңға кен орны: 9 млн тонна мұнай өндірілді

470 рет қаралды

«Dunga Operating GmbH» компаниясы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға жобадағы үлестің 60% тиесілі) тарихи өндірістік көрсеткішке қол жеткізді — Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан Доңға кен орнында осы күнге дейін жинақталған мұнай өндіру көлемі 9 млн тоннаға жетті. 

Доңға кен орнында 9 млн мұнай өндірудің межесіне жету және жалпы өндірістің артуына негізінен қабат қысымын сақтап тұру жүйесінің қалпына келуі ықпал етті. Сонымен қатар бүгінгі жетістік — бұл жоба ұжымының үйлесімді жұмысының және жоғары кәсіби біліктілігінің нәтижесі.  

Биылғы І жартыжылдықта кен орнында мұнай өндіру көлемі 340 мың тоннаны құрап, жоспардан 7 мың тоннаға артық болды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 630 мың тонна мұнай өндірілді, осы жылға арналған жоспар — 649,3 мың тонна.

ҚМГ басшылығы еншілес өндіруші кәсіпорындарда өндірістің тұрақтылығы мен өсімді қамтамасыз ету үшін барлық  операциялық тиімділікті арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі және оны үнемі бақылауда ұстайды.

1 тамыз, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.