
«Геолог» шағынауданының тұрғындары кәріз жүйесінің құрылысына қатысты өзекті мәселелерді №4 сайлау округінің депутаты Ақылбек Құлбарақовпен бірге талқылады.
Тұрғындар әсіресе Жайлаутөбе көшесіндегі жаңбыр және еріген қар суларының жиі жиналуына алаңдаушылық білдірді.
- Бұл мәселені шешу үшін жерасты дренаж жүйесін немесе арнайы сыйымдылық орнату ұсынылды. Ішіне су айдайтын сорғы орнатылған бұл құрылғы жиналған суды орталық кәрізге автоматты түрде айдап отыруы тиіс. Мұндай шешім көшені су басудан сақтап, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға сеп болады, - дейді тұрғындар.

Депутат Құлбарақов құрылыс жұмыстарының барысына оң баға берді. Оның сөзінше, кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Егер осы қарқын сақталса, нысан жыл соңына дейін толық аяқталуы мүмкін.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +3