Атырау, 23 қазан 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Қаржы полициясы «Транстелеком» АҚ бұрынғы вице-президентін ұстады

1 981 просмотра

АСТАНА,  4  қыр  –Қазақстан жаңалықтары АА. Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Қаржы полициясы агенттігіндегі жауап беруден кейін «Транстелеком» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылтайшысы болып табылады) бұрынғы бірінші вице-президенті Абдрахманов ұсталды. Қазіргі кезде ол «Қазпочта» АҚ басқарушы директоры – «Корпоративтік сатылым дирекциясы» филиалының директоры болып табылады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, оған 2006 жылы «Транстелеком» АҚ бірінші вице-президенті болған кезінде, өз қызметтік уәкілеттігін теріс пайдаланып, «КТ&Т» ЖШС-мен консорциалдық келісім-шартқа заңсыз қол қойып, мемлекетке 4,1 млрд.теңге залал келтірген деп күдік тағылуда.

«Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы маманының қорытындысы бойынша «Транстелеком» АҚ мен «KT&T» ЖШС арасындағы келісім-шарт жалған мәміле болып табылады. Ол мемлекеттің 4,1 млрд.теңгесінің негізсіз төленуіне әкеліп соққан. Ағымдағы жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасымен аталмыш консорциалдық келісім-шарт жарамсыз деп танылды»,-делінген хабарламада.

Бүгінгі күні Абдрахмановқа қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.

Дереккөз: newskaz.kz

4 қыркүйек 2013, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.