Атырау, 8 шілде 16:03
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

21 маусымда Атыраудағы мамандандырылған ХҚКО техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемейді

581 рет қаралды


Мамандандырылған орталық хабарлағандай, бұл ақау қолайсыз ауа райынан болған. Қатты жаңбырдан кейін су электр жабдықтарына кіріп кеткен. Қысқа тұйықталудың алдын алу үшін мамандар қызметті уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған.

- Жабдық толық құрғағанша күтеміз. Дүйсенбіден бастап жұмысымыз қайта басталады, — деді орталық қызметкерлері қолайсыздық үшін кешірім сұрап.

Сонымен бірге, бүгін көп адам eOtinish платформасында өтініш жібере алмады.

1414 колл-орталығы жүйе қалыпты жұмыс істеп жатқанын, ақаулар Қазақстандағы барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірыңғай жүйесінде және BI модулінде болғанын айтты.

«Егер өтініш жіберілмесе немесе тіркелмесе, онда мәселе сұраныс жіберілген мемлекеттік мекеменің өз базасында болуы мүмкін», — деп түсіндірді қолдау қызметі.

Айнұр САПАРОВА

20 маусым, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.