Атырау, 7 желтоқсан 17:54
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда жол апатына кінәлі адам 2 миллион теңгеден астам өтемақы төлейтін болды

Бейнежазба
741 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Атырау қалалық соты талап қоюшы А. мен жауапкер С. арасындағы жол-көлік апаты салдарынан келтірілген материалдық залалды өтеу туралы азаматтық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Атырау қаласында жауапкер өз автомобилімен талап қоюшыға тиесілі көлікпен соқтығысқан. Нәтижесінде талап қоюшыға материалдық зиян келтірілген. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жауапкерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныған.

Сотта талап қоюшының өкілі жауапкердің әрекеті салдарынан келтірілген 2 214 363 теңге көлеміндегі материалдық шығын мен сот шығындарын өндіріп алуды сұрады. Ал жауапкердің өкілі талапты мойындамай, өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды өтінді.

Сот талапты толық қанағаттандырып, жауапкерден талап қоюшы пайдасына 2 214 363 теңге өндіріп алуды міндеттеді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


20 маусым, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.