
ҚТЖ желісінде маусымдық жол жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы 1480 км теміржол жөнделмек, бұл өткен жылғы көрсеткішке (1430 км) жуық, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Наурызда басталған жөндеу кампаниясы барлық өңірлерді қамтып, қазіргі уақытта 400 км жол жаңартылды, оның ішінде 100 км-ден астамы күрделі жөндеуден өтті.
Жұмыстар Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау бөлімшелерінде, сондай-ақ Қостанай, Семей және Павлодар өңірлерінде жүргізіліп жатыр.

Биыл 10 бөлімшеде рельс-шпал торын толық ауыстыра отырып, 512 км жол жаңартылады. Бұдан бөлек, 122 км жолтабан, 100 км шпалдар ауыстырылып, 435 км балласт тазартылады.
Жоспарлы жұмыстар кезінде қауіпсіздік үшін пойыз қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Жыл сайынғы жөндеу – күзгі-қысқы кезеңдегі тұрақты тасымалды қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
В Атырау -3